Темекі тұқылын жолға тастағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен (қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар, ұсақ бұзақылық) әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Д. Ақтау қаласы, 15 шағын ауданда орналасқан «Айдын» кафесінің жанында,  темекі шегіп, тұқылын жолға лақтырып, қоғамдық орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

Сот қаулысымен Д. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл сомасы 22 690 теңгеден 30 пайызға қысқартылып, 15 883  теңгеге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.

Сот қаулысы заңды күшіне енді

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі