Тараптар медиациялық келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Ж-дан қарыз ақша өндіру  туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықтағандай, жауапкер Ж. талапкерден 2015 жылы 700 000 теңге қарызға алған, бірақ осы уақытқа дейін қарыз ақшаны қайтаруға шаралар қабылдамаған.

Аталған азаматтық істі қарау барысында тараптар медиативтік келісім жасап, оны бекіту үшін сотқа жүгінді.

Тараптардың келісіміне сәйкес қарыз ақша сомасы 690 000 теңгеге азайтылып, 2017 жылдың желтоқсан айына дейін жауапкер ай сайын 50000-80000 теңгеден  төлеп, қарыздың сомасын жабатыны бекітілді.

ҚР Азаматтық процестік кодексінің  276-бабының 6-бөлігіне сәйкес тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуға жатады.

Сондықтан, тараптардың медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі сотпен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі