Тараптар медиациялық келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында  талапкер К-ның жауапкер О-дан   пәтеріне су жіберу себебінен келтірілген  материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Аталған азаматтық істі қарау барысында тараптар медиативтік келісім жасап, оны бекіту үшін сотқа ұсынды.

Тараптардың келісіміне сәйкес келісім бекітілгеннен кейін жауапкер талапкердің пайдасына 40 000 теңге материалдық шығынды төлеуге міндеттелген.

ҚР АПК-нің 276-бабының 6-бөлігіне сәйкес тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуға жатады.

Сондықтан, тараптардың медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі сотпен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі