Судьялардың жаңа Әдеп кодексін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасы судьяларының 7 съезі» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Аталған шараға судьялар және сот қызметкерлері, «Азаматтық құқық», Маңғыстау облысы «Азаматтық Альянс» ЗТБ, «Ұрпақ next» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Шара барысында сөз алған судья С.Айгаракова  2016 жылдың 21 қарашасында Судьялардың кезектен тыс VII съезі өткенін, съезд барысында судьялардың кәсіби қызметі мен мінез-құлық қағидаттарын белгілейтін Әдеп Кодексі қабылданғанына тоқталды.  Аталған  кодекстің ең басты құндылығы – судьялардың заңға тәуелділігін нығайтып,  судьялардың мәртебесін, беделін арттыруға ықпалын тигізетінін жеткізді.

Сондай-ақ, ол  өз баяндамасында судья өзі берген антына адал болуы, сот төрелігін іске асырумен байланысты кез-келген іс-шаралар барысында этика нормаларын қатаң сақтауы, оның іс-қимылы судьяның жоғары мәртебесіне лайықты болу керектігі жайлы атап өтті.

Іс-шара соңында   судьялардың жаңа Әдеп кодексінің ережелері жан-жақты талқыланып, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді.

 

 

 

 

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі