Судьялар эфир арқылы азаматтарға өз құқықтарын қорғау жолдарын түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстық  «Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан көрсетілетін «Ел ертеңі» бағдарламасына Маңғыстау облыстық сотының судьясы Г.Бақытжанова және  Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Күздеубаев қатысты.

Бағдарламаға қазылармен қатар, медиаторлар мен ҮЕҰ өкілдері қонақ ретінде ат салысты.

Бағдарлама барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелерталқыланып, хандық дәуірдегі  «Жеті жарғы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарына шолу жасалып, бүгінгі заңдармен байланысы айқындалып,  халықтың кешегі билер мен бүгінгі соттар арқылы өз құқығын қорғау жолдары түсіндірілді.

Бағдарлама барысында Г.Бақытжанова ендігі міндет – Ел болып, Ұлт болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында белгіленген бағдар, ұстанымдарды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

Қонақтар құқықтық  сауаттылықты арттыру бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарға өздерінің ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, бағдарлама аясында бейнесюжеттер көрсетіліп, өзекті мәселелер қозғалды.

 

 

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі