Сот жылжымайтын мүлікті босату жолымен меншік иесі құқығының бұзылуын жоюды міндеттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер У-дың жауапкер Ш-дан жылжымайтын мүлікті босату жолымен заңсыз иеленуден талап ету туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта талапкер жылжымайтын мүлік асхананы электрондық аукцион нысанындағы  жария сауда-саттықта сату-сатып алу шарты негізінде 30 058 050 теңгеге сатып алғаны, осы күнге дейін жауапкер өз еркімен асхананы босатудан бас тартқаны анықталды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабының 2-бөлігіне сәйкес  меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 171-бабының 2-бөлігінің негізінде жауапкердің талап қоюды мойындауы сотты дәлелдемелерді зерттеу міндетінен босатады.

Ақтау қаласының №2 сотымен талапкер У-дың талап арызы қанағаттандырып,  жауапкерге жылжымайтын мүлікті босатуды міндеттеді және мемлекеттік бажға жұмсалған шығындарды талапкердің пайдасына өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

       

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі