Сот жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  талапкер «Маңғыстау облысының Қарақия аудандық білім бөлімінің «Мұнайшы селосы №7 орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің   жауапкер, жеке кәсіпкер «К-ні» мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.   

Сот отырысында  анықталғандай, тараптар арасында  тауарды  мемлекеттік сатып алу туралы  «Орта білім беру ұйымына робототехника сыныбының базалық жиынтығын сатып алу» туралы мемлекеттік сатып алу туралы жалпы сомасы 1 775 010 теңгеге келісім шарт жасақталған.

Келісім шарттың қосымшасына сәйкес, дроссел  тауарын  жекізу  уақыты  келісім шартқа  қол қойылған  күннен  бастап он бес күн  ішінде жеткізілуі  тиіс болатын. Алайда, тауар осы  уақытқа дейін жеткізілмеген. 

Жауапкер өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған, сол себепті сот талапкердің талабын негізді деп тауып, толығымен қанағаттандырып, жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды.

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі