Сот тұрақты ақша сомасы негізінде алимент өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотында талапкер Д-ның  жауапкер У-дан  жоғарғы оқу орнында күндізгі оқу нысаны бойынша жиырма бір жасқа толмаған балаға күтіп-бағу қаражатын өндіру туралы талап арызымен азаматтық іс қаралды.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 141–бабының 1бөлігіне сай, күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаларға күтіп-бағу қаражатын өндіріп алу алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот тәртібімен тұрақты ақша сомасында жүргізіледі.

Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше сақтайтын көлемдегі айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге алып айқындайды.

Ата-анасының араларында алимент төлеу туралы келісім болмағандықтан, сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, тұрақты ақша сомасы 68 000 теңге мөлшерінде алимент өндіру туралы шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі