Сот шешімімен зейнетақыдан артық ұсталған қаржы қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамы «Арман» қоғамдық бірлестігінен мемлекет пайдасына 17 836 теңге өндіруді сұраған.   

Талап қоюшы арызында сот орындаушының  Ақтау қаласының аумақтық бөлімімен орындауға жолдаған  атқару парағы негізінде азамат Р.-дің зейнетақысынан «Арман» ҚБ-нің пайдасына 111 361,79 теңге ұсталғанын, орталық   база ақауынан азамат Р.-дің зейнетақысынан артық 17 836 теңге ұсталып, жауапкерге аударылғанын көрсетіп, жауапкерге артық аударылған соманы қайтару жөнінде жүгінгендерін, алайда жауапкер бас тартқанын, сол себепті жауапкерден мемлекет пайдасына 17 836 теңге өндіруді сұраған.

Сот отырысында жауапкер өкілдері азамат Р.-дің зейнетақысынан артық ұсталған 17 836 теңге өздеріне түскенін жоққа шығармады.

Сот шешімімен талапкердің  талап қою арызы толығымен қанағаттандырылды.

 

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі