Сот шешімімен полигон жұмысы тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған  экономикалық   сотында «Маңғыстау облысының экологиялық департаменті» РММ  «Теңіз мұнай компаниясы «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС-нің  «Боранкөл кен орнындағы мұнай қалдықтарын, қазу қалдықтарын және майланған грунттарды орналастыратын полигон» жұмысын  тарату қорын құрғанға дейін  тоқтату туралы талап арызбен жүгінген.

 Сот отырысында «Қазақстан Республикасының Мұнай мен газ Министрлігі» мен «Қазмұнайгаз» Ұлттық  компаниясы» АҚ, содан кейін «Теңіз мұнай» компаниясы «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС  араларында келісімді  ауыстыру туралы шарт жасақталып, «Қазмұнайгаз» Ұлттық  компаниясы» АҚ  «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС-не Боранкөл кен орнындағы жер қойнауын пайдалануға  берген,  ал соңғы  осы  берілген  жер  қойнауын  мүлікті сенімгерлікпен басқару  туралы шарттың  талабына және пайда алушының талабына сай  пайдалануға  міндеттеме алған.  Алайда, «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС Экологиялық  кодекстің  талаптарын бұза отырып,  Боранкөл кен орнындағы жер қойнауын жою қоры жоқ болғанына қарамастан пайдаланған.

Сот «Боранкөл кен орнындағы мұнай қалдықтарын, қазу қалдықтарын және майланған грунттарды орналастыратын полигон жұмысын тарату қорын құрғанға дейін,  тоқтату туралы шешім қабылдады.

Сот  шешімі  заңды  күшіне  енді.

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі