Сот шешімімен қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-нің жауапкер «Актау Экспорт Металл» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, тараптар арасында энергиямен жабдықтау келісім шарты жасалған. Тараптар арасында пайда болған даудың мәнісі бойынша талапкер жауапкер «Актау Экспорт Металл» ЖШС-нің объектісін энергиямен жабдықтауды жүзеге асыру бойынша өзіне алған міндеттерін тиісті түрде орындаған, ал жауапкер келісім бойынша өз міндеттерін тиісті түрде орындамаған, төлем жасамаған. Осыған байланысты 268 199 теңге көлемінде қарыз пайда болған.

Сот шешімімен талап қоюшы «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-нің жауапкер «Актау Экспорт Металл» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы талабы қанағаттандырылды.  

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі