Сот ПИТК қызметтер үшін қарызды өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер ПИТК-нің жауапкер Қ-дан өзінің қызметтері үшін қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызы қаралды.

Талапкер ПИТК-і жауапкер Қ-ның көп пәтерлі түрғын үйдің ішіндегі пәтердің иесі бола тұра уақытылы ақшасын төлемегенін көрсетіп, 01.03.2016ж.-31.10.2016 ж. аралығындағы 20 601 теңге қарыз соммасын, өсімақы 326 теңге және сот шығындарын өндіру туралы сотқа талап арыз берген.

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35, 50-баптарының негізінде меншік иелерi ортақ мүлiктің және дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуына және қауiпсiз пайдаланылуына жәрдемдесуге және  ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға ай сайын қатысуға міндетті.

Сот шешімімен талап арыз толық қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі