Сот мәжілісіне екі сағатқа дәлелді себептерсіз кешіккен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен  (сотты құрметтемеушілік) Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  Т. ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс бойынша сот мәжілісіне келу туралы хабарламаны  алып, істі одан әрі  қарауы  мүмкін   болмайтын жағдайларында,   сот мәжілісіне қасақана, 2 сағатқа дәлелді себептерсіз кешігіп, сотқа құрметтемеушілік білдірген.

Соттың қаулысымен  Т.  ҚР-ның ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі