Сот ғимаратының ішіне кіруге рұқсат беру ережесін сақтау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында «Сот әдебі кодексі және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» атты  тақырыпта семинар өткізілді.

Іс-шараға Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісі басшысы м.а. А.Қалпақов, Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Б.Тұрлыбек, Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г.Нұрханова және  сот приставтары қатысты.

Семинарды Бекжігіт Тұрлыбек аша келе,  «Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны анық.  Сондықтан, сот приставтарының тікелей міндеттері тек сот  процестеріне қатысып, қоғамдық тыныштықты сақтау ғана емес, процесуалды емес қатынасқа жол бермеу және оның  алдын алу екендігін айтты. Судьялық әдеп кодексінің 4-бабында  «Судья іске қатысушы адамдармен, олардың өкілдерімен, прокурормен, адвокатпен, өзге де мүдделі адамдармен нақты сот ісі бойынша сот төрелігін іске асыруға байланысты мәселелер бойынша процестік және өзге де заңнамада көзделмеген кез келген қарым-қатынас деп түсінілетін процестік емес байланыстарды болдырмауға тиіс», - екендігі көрсетілген деді ол.

Одан әрі Г.Нұрханова «Сот отырыстарына БАҚ өкілдерін кедергісіз кіргізуді қамтамасыз ету» атты тақырыпта баяндама оқып, аталған тақырыпты қатысушыларға егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.   

«Еліміздегі сот жүйесі жұмысының ашықтығы мен жариялылығы мемлекеттік саясаттың негізгі бір бағыты. Сондықтан, ашық сот отырыстарына БАҚ өкілдері қатысып, қажетті ақпараттарды алып, таныса алады. Егер де сот отырысына қатысуға келген БАҚ өкілінің дыбыс жазу құрылғылары болмаған жағдайда смартфон, планшет секілді мобильді байланыс құралдарын  пайдалануға мүмкіндіктері бар», - деді Г.Нұрханова.           

Іс-шара қорытындысы бойынша сот приставтары аталған мәселелерді назарға алатындықтарын жеткізді.                                        

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі