Сот ғимаратының ішіне кіруге рұқсат беру ережесін сақтау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында Қостанай облысы, Амангелді аудандық сотында болған оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында жедел отырыс өткізілді.

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз  ету және соттардағы  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын алу бөлімінің басшысы Б.Тұрлыбек және сот приставтары, Күзет басқармасының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Шарада  сот ғимаратының ішіне кіруге рұқсат беру, ішкі және сыртқы қауіпсіздік ережесін сақтау, келушілердің жеке заттарының ішінде суық қарудың болмауын қатаң қадағалау  мәселелері талқыланды.

Б.Тұрлыбек қатысушыларға  ғимараттардың ішіне кіруге рұқсат беру ережесін сақтау туралы тәртіптің бұзылмауын және  қате жібермеу,  кикілжің туған жағдайда  уақытылы әрекет етуді, постта тұрған Күзет қызметкерлерімен тығыз байланысты сақтау тәртіптерін түсіндірді. Сондай-ақ, ол 2016 жылдың  2 маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты басшысының 2016 жылғы 3 мамырдағы № 6001-16-7-6/183 және ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 489 бірлескен бұйрығымен аумақтық органдардың және сот ғимараттарына келушілер үшін арналған өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары қолданысқа енгізілгенін айтып, сот ғимаратына келушілерді қатаң тексеруден өткізуді тапсырды.

Өз кезегінде Күзет қызметкерлері Маңғыстау облысындағы соттарда аталған оқиға деректері орын алмағанын атап өтті.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі