Сот бұйрығымен баж салығы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотымен Мемлекеттік кірістер басқармасының борышкер А-дан көліктің баж салығын өндіру бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызы қаралды.

ҚР АПК-нің 135-бабының 5)-бөлігіне сәйкес жеке тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні және өсімпұлдарды, сондай-ақ кеден төлемдері, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу туралы арыздар бойынша сот бұйрығы шығарылады. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады.

Ақтау қаласының № 2 сотының сот бұйрығымен борышкер А-дан жергілікті бюджеттің пайдасына 19 000 теңге өндірілді.

ҚР АПК-нің 143-бабының 1-бөлігіне сәйкес  егер белгіленген мерзімде сотқа борышкерден қарсылық келіп түспесе, судья соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын оны борышкердің тұрғылықты жеріндегі тиісті әділет органына орындауға ұсынуы үшін өндіріп алушыға береді.

Борышкерге мәлімделген талапқа қарсылығын сот бұйрығын шығарған сотқа сот бұйрығының көшірмелерін алған күннен бастап немесе оның шығарылғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде түрлі байланыс құралдарын пайдаланып жіберу құқығы түсіндірілді.

 

 

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі