Шетелдік Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу туралы шешімді орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Өзбекстан азаматы Т-ның атына берілген төлқұжатын жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, оның 10.05.2017 жылы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының  2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза қолданылған. Алайда, Т. Қазақстан Республикасы аумағында белгісіз себептермен 19.06.2017 жылға дейін кетпей жүріп, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысында көрсетілген мерзім ішінде, яғни 10.05.2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы аумағынан шығып кетуден жалтарып, Қазақстан Республикасында болу қағидаларын қасақана бұзған.

Сонымен, Өзбекстан азаматы Т. өзіне қатысты Қазақстан Республикасы аумағынан өз еркімен шығудан қасақана жалтарып, Қазақстан Республикасы аумағынан шығып кетуге ешқандай әрекет жасамай, жоғарыда көрсетілген заңды күшіне енген сот қаулысын орындамаған.

Сот үкімімен Т. ҚР Қылмыстық Кодексінің 393-бабымен ( Шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның оған қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу туралы шешімді орындамауы) кінәлі  деп танылып, оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5  жыл мерзімге шығарып, оған жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 56 725 теңге айыппұл жазасы тағайындалды. 

 

Источник: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі