Шетелдік азаматша халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Өзбекстан Республикасының азаматшасына қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 2-бөлімімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекен жайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу) әкімшілік іс қаралды.

 Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматшасы Ж. ҚР  ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекетті жасаған, яғни осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған.

Сотпен Ж.  жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 34 035 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі