Іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Каспий-Берекет» ЖШС-нің жауапкер  «Bio Food Trade West» ЖШС-нен 1 064 410  теңге  қарызды және 1 724 344 теңге өсімпұл өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Талап қоюшы тарапынан шарт талаптары бойынша өз міндеттемелерін тиісті түрде орындағанына қарамастан, жауапкер тарапынан тауардың ақы төлемін төлеу міндеттемесі орындалмай, жауапкердің қарызы 1 064 410 теңге құраған.

Шарттың 6.3. тармақшасына сәйкес төлемақы мерзімінде төленбеген жағдайда, сатып алушы тауардың төленбеген сомасынан әрбір кешіктірілген күн үшін 0,1% өсімпұл төлейді, бірақ тауардың сомасынан 1%  аспауы тиіс.

Талап қоюшымен келтірілген өсімпұл есебі сотпен тексерілді және өсімпұлдың кешіктірілген күндер есебі, көлемі шарт талаптарына сәйкес  келеді.

Сондықтан сот, өсімпұл мөлшерінің шектен тыс көтеріңкі екенін ескеріп, әділдік пен парасаттылық өлшемдерін басшылыққа ала отырып, өсімпұл мөлшерiн  300 000  теңгеге дейін азайтуды дұрыс деп табады.

Сот жауапкердің өз міндеттемесін тиісті түрде орындамағанын ескеріп, талап қоюшының талабын ішінара қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі