Мереке қарсаңында танысын жарақаттаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен, яғни «денсаулығына ауыр дене жарақатын келтірген» деген қылмыспен  айыпталған А-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды. 

Сотта анықталғандай, сотталушы А. бір пәтерде жәбірленуші Р-мен бірге арақ ішіп, өзара келіспеушілік туындаған. Нәтижесінде сотталушы А. масаң күйде, қасақана еденде жатқан сұр түсті пластикалық сабы бар   темірден жасалған құрылыс пышағымен жәбірленушіге бір рет соққы жасап, денсаулығына ауыр дене жарақатын келтірген.  

Сот үкімімен сотталушы А. ҚР Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ҚР Қылмыстық Кодестің 55-бабын қолдана отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген. 

Источник: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі