Мереке қарсаңында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1 маусым - Балаларды қорғау күні. Бұл әрбір бөбектің ең қуанышты және жыл сайын асыға күтетін басты мерекелерінің бірі. Бөбектерге қамқорлық  көрсету, олардың құқықтарын  қорғау тек осы күні ғана емес, әрқашан да үлкендердің назарында.

Балалардың мерекесі қарсаңында Бейнеу аудандық сотының ұжымы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасындағы балаларды аталған мерекемен құттықтап, азық-түлік, спорттық киімдер апарып, қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Балалардың анасы мұндай шараны ұйымдастырған сот ұжымына алғысын білдірді.

Источник: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі