Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы А.Тленов, кеңсе меңгерушісі, сот қызметкерлері, ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Ж.Рысбеков, ЮНИСЕФ-тің өкілі П.Н.Дуден  қатысты.   

Жиынды сот төрағасы аша келе, Елбасы мақалада әрбір қазақстандықтың санасын, қоғамды тұтастай жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап өткендігіне тоқталды. Бұл прагматизм, сананың ашықтығы, бәсекеге қабілеттілікті көрсетеді, - деді.

Сондай-ақ, ол ертеңгі күннің ерекшелігі бұл бәсекеге қабілеттілік ұлт табысының басты факторы екендігін айтып, судьяларды сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға, тілдерді білуге, құрметтеуге және бастамашыл болуға шақырды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар  аталған  бағдарламалық мақаланың терең маңыздылығын айтып, өз ойларын ортаға салды.

 

Қайнар: 
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының Баспасөз қызметі