Медицина қызметкері тұрғынжайға мұқтаж азаматтардың тізіміне қайта енгізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотына жүгінген талапкер К. жергілікті атқарушы орган әкімдіктің қабылдаған шешімінің заң талаптарына сәйкес еместігін, Ақтау қалалық әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының хаттама шешімдерінің тұрғын үй беруден бас тарту және тұрғынжайға мұқтаж азаматтардың тізімдемесінен шығару туралы бөліктерін заңсыз деп тану туралы талап арыз берген.

Сотта талапкердің отбасында 6 адам бар екендігі, оның 2-еуі кәмелетке толмаған жасөспірімдер екендігі, екі бөлмелі пәтерде тұратындығы, жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда екендігі, тұрғынжайын жақсартуға мұқтаждығы анықталған. Сонымен қатар, талапкер 1987 жылдан бері медицина саласында қызмет атқаруда, кезекке 24.08.2001 жылы бюджеттік мекеменің қызметшісі ретінде тұрған.  Ақтау қаласы әкімдігінің 28.09.2016 жылғы №14 хаттама шешімімен талапкерге мемлекеттік қордан тұрғын-үй беруден бас тартылып, 01.11.2016 жылғы №8 хаттама шешімімен талапкер тұрғынжайға мұқтажы азаматтардың тізімдемесінен шығарылған.

Сондықтан, сот анықталған мән-жайларды ескеріп, талап арызды қанағаттандырып, талапкерді тұрғынжайға мұқтаж азаматтардың тізімдемесіне қайта енгізді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі