Медиация Заңының мүмкіндіктері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотының төрағасы Б.Елемесов құқық қорғау органдары мен жергілікті уәкілетті мекемелердің өкілдері арасында «Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу барысында Медиация заңының қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға сот төрағасы Б.Елемесов, судьялар және кеңсе қызметкерлері, аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Шара барысында Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының қолданылуы мен осы заңды іс жүзіне асыруға арналған ҚР Жоғарғы Сотының пилоттық жоба Ережесінің талаптары және азаматтық істерді қарауда медиация тәсілдерін қолдануға қатысты  мәселелер кеңінен талқыға түсті.

Сонымен қатар, медиация – жанжалдарды шешу кілті және дауларды реттеу баламасы екендігі, сотқа дейінгі дауларды шешу, өзара тиімді және бейбіт келісімге қол жеткізу, дауласушылық деңгейін төмендету болып табылатындығы түсіндірілді. Нәтижесінде, тараптар уақыты мен қаражатын үнемдеп, бұл сот жұмысын жеңілдетуде маңызды қадам екендігі назарға алынды.

Источник: 
Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі