Іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау аудандық сотында талап қоюшы С-ның жауапкер А-дан қарызды және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Істі сотта қарауға дайындық кезінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген. Келісімге келу шарттарында жауапкер А. ағымдағы жылдың қазан айына дейін 321 000 теңге қарызды қайтаратынын, ал өз кезегінде талап қоюшы  өзінің талабынан бас тартатынын мәлімдеген.

Егер жауапкер келісімдегі шарттарды орындамаған жағдайда, талап қоюшы атқару парағын алу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Сот іс құжаттарын зерттеп,  тараптардың  медиация келісімін  мәжбүрлеусіз жасалғандығын ескере отырып, өзінің ұйғарымымен жоғарыда аталған медиациялық келісімді бекітіп, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодекстің 277-бабының 6-бөлігімен іс жүргізу  тоқтатылып, мемлекеттік баж қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Маңғыстау аудандық сотының баспасөз қызметі