Медиация арқылы отбасы сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу аудандық сотында  неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы А. сотқа берген талап арызында жауапкермен  2011 жылдан бері заңды некеде тұрып жатқанын, ортақ некеден араларында кәмелет жасына толмаған 2 баласы барын, жауапкердің өзін сыйламайтынын, бала тәрбиесімен айналыспайтынын, отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсетіп  арызданған.

Кәсіби медиатор тараптарға медиацияның отбасылық қатынастар саласындағы ерекшеліктері туралы түсіндіргеннен кейін, тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Келісімге сәйкес, талап қоюшы некені жалғастыруды қалады, ал жауапкер жұбайына сыйластық танытуға және түсіністікпен қарауға, отбасына көңіл аударып, балаларының тәрбиесімен айналысуға міндеттенді.

Соттың ұйғарымымен тараптардың дауды реттеу туралы келісімін сот медиациясын жүргізу тәртібімен бекітіп, іс жүргізу тоқтатылып, 681 теңге  мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі