Мас күйде көшеде жүргені үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында азамат Х.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.           

Сот отырысында анықталғандай, азамат Х. бұған дейін екі рет қоғамдық орында ішкілікті күйде жүргені үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартыла тұра, ескерту мерзімі аяқталмай, тағы да қоғамдық орында мас күйде жүрген.

Сот отырысында Х. өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.  

Сот қаулысымен құқық бұзушы Х. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабы 4-бөлігімен (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) кінәлі деп танылып, 4 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі