Маңғыстауда судьялар Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Маңғыстау  филиалында Маңғыстау облыстық сотының алқа төрағалары Нұрсапа Примашев, Ержан Қарабаев пен БАҚ-пен байланысты үйлестіруші судья Сауле Өмірболатованың қатысуымен 2017 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындысы және Бес институционалдық бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы баспасөз мәжілісі өткізілді.

Баспасөз мәжілісін ашқан Нұрсапа Примашев БАҚ өкілдерін жыл басынан бергі атқарылған жұмыс қорытындысымен таныстыра келе, негізгі жұмыс бағыты талап арыздарды себепсіз қараусыз қалдырудың алдын алуға, азаматтық істер бойынша сырттай шешім шығаруды жоюға, азаматтар арасында дауларды сотқа дейінгі реттеудің тиімділігін насихаттауға арналғанын айтты.

Ержан Қарабаев  Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістермен сәйкестендіру мақсатында 14 шілде 2017 жылы күшіне енген «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңына енгізілген  өзгерістер мен толықтырулармен БАҚ өкілдерін құлағдар етті. 

«Судьялыққа кандидаттар үшін тастай тәртіп бекітілді. Ендігі жерде судья боламын дейтіндердің жас мөлшері 30-ға дейін ұлғайтылды. Судьялық лауазымға арналған конкурсқа қатысушылардың жалпы отырыстың қорытындысын алу тәртібі нақтыланды. Сот жюриі шығаратын шешімдерге қатысты өзгерістер енгізілді. Аталған Заңға енгізілген  өзгерістер мен толықтырулар сот төрелігін жүзеге асырудағы заңның үстемдігін қамтамасыз етуде маңызды болмақ»,- деді Ержан Қарабаев.

Сауле Өмірболатова Ұлт жоспары бағдарламасы аясында сот билігінің атқарған жұмыстарын баяндап, сот жүйесін жетілдіру, «Сот кабинеті» электронды сервисін қолдану секілді мәселелерге тоқталды.

Баспасөз мәжілісінің екінші бөлігінде судьялар құқық бұзушылық, алдын ала тергеу амалдарын жүргізу барысында анықталған кемшіліктер туралы фактілер, әкімшілік хаттама толтыруда орган қызметкерлерінің жауапкершілігі, т.б. секілді журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.

 

 

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі