Маңғыстау облыстық сотында 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

         Аталған шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы  Ж.Аланов және судьялар, ауадандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сот қызметкерлері қатысты.

      Іс-шарада сөз алған Ж.Аланов нәзік жандыларды аталған мерекемен құттықтады.

«Маңғыстау облысы бойынша барлығы 84 судья болса, соның 36-сы әйелдер екен. Демек, бізде гендерлік теңдік сақталып отыр. Өмірінің негізгі бөлігін осы қызметке арнап, 15-20 жыл бойы үздіксіз сотта қызмет етіп келе жатқан, белгіленген 8 сағаттан да артық қызмет етіп, компьютер алдында көз майын тауысқан мамандарымыздың да еңбектері зор. Сіздерге  сот жүйесінің, құқық саласының дамуына қосып отырған сүбелі үлестеріңіз үшін шынайы рахмет айтқым келеді», - деді сот төрағасы.

Шара соңы Мұрат Өскенбайұлы атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламасымен жалғасып, барлық қатысушы нәзік жандыларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі