Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің басымдылығы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізуде - мемлекеттік тілдің  басымдылығы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға судья Г.Шаров және Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры, Маңғыстау облыстық ІІД-нің           тергеу басқармасының тергеушісі, Ақтау қаласының Ішкі істер басқармасының ауыр және аса ауыр қылмыстарды тергеу  бөлімшесінің басшысы қатысты.

Аталған дөңгелек үстелді судья Г.Шаров ашып, бүгінгі күні облыс соттарымен қаралған қылмыстық істерден анықтаушы немесе тергеуші тергеу амалдарын жүргізуді бастаған кезде ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 30-бабының талаптарын бұзып, тергеу жүргізу тілін мемлекеттік тілде емес, бірден орыс тілінде белгілейтіні анықталып отырғандығына назар аударды. Сондай-ақ, кейбір орыс тіліндегі қылмыстық істерді зерделегенде іске қатысушылар мен куәлар жауаптарын қазақ тілінде бергеніне қарамастан қазақ тілінен орыс тіліне аударма жасау үшін іске аудармашыны қатыстырып,  қылмыстық іс жүргізу тілін орыс тілінде жүргізуге деп белгілегендерге де тоқталып өтті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар  талқыланған қылмыстық істер бойынша өрескел кеткен қателіктерді ескеріп, алдағы уақытта мұндай қателіктерге жол бермей,  тисті шаралар қолданылатыны айтылды.

 

 

 

 

 

 

Источник: 
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Баспасөз қызметі