Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кірген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған  әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 506-бабындағы (Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру) әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған Л-ға қатысты әкімшілік іс каралды.

Сотта анықталғандай, Л. «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-нің  объектісіне, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Мемлекеттік күзет қызметі, Iшкi iстер министрлiгiмен күзетілетiн объектiге рұқсатсыз кірген.

Сот қаулысымен Л.  ҚР ӘҚБК-нің 506-бабымен кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіштің 30 пайызға қысқартылған 23 824 теңгені мемлекет пайдасына өндіру туралы әкімішілік айыппұл салынды.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі