Құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу туралы ескертілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өтті.

Семинар сабағына Маңғыстау облысының ішкі қауіпсіздікті және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Б.Тұрлыбек, Қарақия аудандық сотының төрағасы Б.Шайдуллин, судьялар Д.Албытов, Н.Даргулова, кеңсе меңгерушісі Л.Кенжеева мен сот қызметкерлері қатысты.

Іс шараның мақсаты – Елбасының «2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» негізінде жасалған 2015-2017 жылдарға арналған сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу туралы кешенді жоспарын іске асыру бағыттарын бақылау.

Маңғыстау облысының ішкі қауіпсіздікті және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Б. Тұрлыбек аталған жоспардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, жемқорлық құқықбұзушылығының салдарын жоюға бағытталғанын атап айтты.

- Сыбайлас жемқорлық әрекеттері мемлекеттің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізетінін білесіздер. Сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қарсы тұрып, оның алдын алып, оған қарсы күрес жүргізіп, қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасалу керек, - деді ол.

Семинар соңында сот қызметкерлеріне сотқа қатысушы тараптармен процессуалдық емес қатынастарға  және құқыққа қарсы өзге де әрекеттерге жол бермеу туралы қатаң ескертулер жасалды.

Қайнар: 
Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі