Көтерме жәрдемақы жергілікті бюджет пайдасына кері өндірілген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған мұғалімге қатысты азаматтық іс қаралды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 16.11.2014 жылғы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» №72 Қаулысына сәйкес, азамат Ж-ның өтініші негізінде келісім шарт жасақталып, оған 148470 теңге көтерме жәрдемақы тағайындалған, аталған келісім шарт бойынша Ж. көрсетілген әдеуметтік қолдау шараларын алған кезде ауылда орналасқан орта мектепте кемінде 3 жыл қызмет етуге міндеттелген, алайда өз міндеттемесін орындамай өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.

Соттың шешімімен Ж-ның келісіммен белгіленген міндеттемелерін тиісті түрде орындамағанына байланысты берілген 148470 теңге көтерме жәрдемақы жергілікті бюджет пайдасына кері өндірілді.

Шешім заңды күшіне енбеген.

 

Источник: 
Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі