Көші-қон заңнамасын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу  аудандық сотында  Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Қ. Өзбекстан Республикасының азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасына келіп, уақытылы мерзімінде ел аумағынан шықпаған.

 Сот қаулысымен Қ. ҚР  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) кінәлі деп танылып,    оған 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде  жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі