Қоршаған ортаға келтірілген залал өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған  экономикалық   сотында «Маңғыстау облысының экологиялық департаменті» ММ-нің «Уралэнергострой» ЖШС-нен   қоршаған  ортаға  келтірілген залалды  өндіру туралы азаматтық іс қаралып, талап арыз қанағаттандырылды. 

Сот «Уралэнергострой» ЖШС-нен мемлекет пайдасына қоршаған ортаға  келтірілген залал  651 681 600 теңге, мемлекеттік баж салығы  19 550 448  теңге өндіру туралы шешім шығарды.

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің талабына сай (321 бап)    табиғи ресурстарды жою мен бүлдірудің;  табиғи ресурстарды заңсыз және ұтымсыз пайдаланудың; өз бетінше эмиссиялардың; нормативтен тыс эмиссиялардың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залал өтелуге тиіс.

"Уралэнергострой» ЖШС заңды  бұзып, өзінің келісім шарт негізіндегі жерінің аумағында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар болмағанына қарамастан,  2 000 куб метр жерге мұнай қалдықтарын тастаған. Бұл мән-жай Маңғыстау облысының табиғатты қорғау  прокуратурасымен  жүргізілген  тексеріс  нәтижесінде  анықталған.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі