Көрнеу жалған нөмірмен көлік жүргізген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А. Ақтау қаласының №20 бекетіне қарсы тас жолда көрінеу жалған  «R285HUM» мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі бар «Opel Vectra» маркалы көлік құралын басқарған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 45 380 теңге айыппұл салынды.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі