Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралын басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,   У.  Ақтау қаласы, 11 шағын аудан, 38 үйге  қарсы тас жолда автокөлігін қасақана, көрінеу жалған R 543 HКM мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісімен  жүргізіп, жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот қаулысымен У. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен (Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын пайдалану)кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі