Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,  Е. Жаңаөзен қаласы, Рахат-1 шағын ауданында орналасқан «ККС мекемесі» алдындағы тас жолда автокөлігіне көрінеу жалған нөмір тағып жүргізу барысында жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот қаулысымен  Е. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен (Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын пайдалану) кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 45 380 теңге айыппұл жазасы қолданылды.  

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі