Қоғамдық орынды ластаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  ҚР ӘҚБтКнің 434-бабының 1-бөлігімен азамат А-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А. Жаңаөзен қаласы, Өркен шағын ауданындағы үйінің жанында темекі шегіп, қалдығын жерге тастап, яғни қоғамдық орында ортақ пайдалану орындарын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

Сот қаулысымен азамат А. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) кінәлі деп танылып,   оған 1  тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

 

Каулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі