Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу аудандық сотында жыл басынан бері алименттерді өндіру туралы сот актісін орындамаған 7 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сотта анықталғандай,  атқару құжаттарын орындау барысында сот орындаушылар  борышкерлерге қарыздарды өтеу туралы хабарламалар жолдаған, алайда құқықбұзушылар  алименттерді өтеу үшін ешқандай шаралар қолданбаған.

Сот көрсетілген жайттарды ескеріп, борышкерлерді ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау белгілері бойынша 4 тұлғаны әкімшілік қамаққа алу, 3 тұлғаға айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

 

Қайнар: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі