Әкімшілік сотта Елбасы ұсынған мақала талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға   судьялар, кеңсе меңгерушісі, сот қызметкерлері, Маңғыстау облысы ІІД Көші-қон полиция басқармасы,  Ақтау қаласының прокуратурасы, Ақтау қаласының Ішкі істер басқармасының өкілдері қатысты. 

Іс-шарада судья А.Аташева  баяндама жасап, еліміздің рухани жаңғыруы мәдени дәстүрлерді сақтаусыз, мемлекеттік тілді, қазақстандық патриотизмсіз   мүмкін еместігін айтты. Сондықтан ол халқымыздың мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын жас ұрпақтың санасына сіңіріп өсірудің маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы айқындаған прагматизм, бәсекелік қабілет, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму, сананың ашықтығы секілді қоғамдық сананы жаңғыртудың іргелі бағыттары бойынша елімізде кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатқандығын тілге тиек етті.

 Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ойларымен бөлісті.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі