Әкімшілік құқықбұзушылық туралы құжаттар толтыру мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судьялар мен кеңсе қызметкерлері, Ақтау қаласының ІІБ ӘПБ бөлімше басшысы мен қызметкерлері, «Маңғыстау облысының Еңбек басқармасы» ММ-нің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел басында сөз алған судья А.Аташева қатысушыларға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді  жүзеге асыруы,  яғни 44-тарауының ережелерін түсіндіріп, онда шағым беру тәртібі мен мерзімі қаралатынын түсіндірді.

Сонымен қатар, қатысушылар арасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын орган мен лауазымды адамның әрекеттеріне шағым жасау фактілерін болдырмау мақсатында, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаларын жасаған кезде заңдылықты сақтаудың маңызды екендігі ескертілді.

Жиын соңында қатысушылар жұмыс сапасын арттыру бағыты бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі