Әкімшілік қамаққа алынған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен, (яғни, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Д., өзінің тұрғын үйінде жұбайымен ұрыс, жан-жал шығарып, оған балағат сөздер айтып, қылмыстық жазаланатын белгілері жоқ отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп,  тыныштығын бұзған.

Сотпен  Д. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3  тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды. Қаулы заңды күшіне енді.

 

 

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі