Қазақстан Республикасы аумағынан кетуден жалтарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 393-бабымен С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, С. Мұнайлы аудандық сотының 13.12.2016 жылғы қаулысымен  03.01.2017 жылы ҚР аумағынан шығып кетуге міндетті бола тұра жалтарып, жеке тұлғаларда жалдамалы жұмыс жасап жүрген мекенжайынан 26.01.2017 жылы Мұнайлы аудандық ІІБ-нің қызметкерлерімен ұсталған.  

 Сот үкімімен С.  ҚР ҚК-нің 393-бабымен (шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның оған қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу туралы шешімді орындамағаны) үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5  жыл мерзімге шығарылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 56725 теңгеге айыппұл тағайындалды.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі