Қасақана ұрыс шығарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А. бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартыла тұра, бір жыл ішінде қайталап,  Ақтау қаласы,  2 шағын аудандағы пәтер ішінде  зайыбы М-ға қасақана ұрыс шығарып, балағат сөздер айтып, сыйламаушылық  көрсеткен..

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі