Қарызды төлеуге міндетті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшылар А., М., жауапкер Т.-ға  қатысты қарыз ақшаны өндіру  туралы азаматтық іс  қаралды.

Сот анықтағандай, талап қоюшылар жауапкер Т.-ға 07.09.2013 жылы 5 000 000 теңге қарызға берген, қарыз ақшаны 25.11.2014 жылға дейін қайтару міндеттелген. Алайда, ұзақ мерзім бойы қарыз ақша  қайтарылмаған. Сот отырысында талап қоюшылар талаптарын нақтылап, А-ның пайдасына 12 000 АҚШ долларын, М-ның пайдасына 2 771 100 теңге өндіруді сұраған. Сот отырысында анықталғандай, жауапкер Т. талапкер А-ға 2 300 000 теңгес көлемінде қарызының жартылай бөлігін қайтарғаны, М.-ға қарызын қайтармағаны анықталды.

Сондықтан сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, жауапкер Т.-дан талапкер А.-ның пайдасына 1 639 360 теңге және сот шығындары 16 394 теңге, талапкер М-ның пайдасына 2 771 100 теңге және сот шығындары 27 711 теңге өндіру туралы шешім қабылдаған.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі