Қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы жеке кәсіпкер А-ның жауапкер  «Б» ЖШС-нен 1 400 000 қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

 

Сотта анықталғандай, 18.07.2016 жылы тараптар арасында жасақталған шартқа сәйкес, талап қоюшы «Шетпе-Ақтау» автокөлік жолы құрылысын салу бойынша жол-көлік қызметтерін көрсетуге, ал жауапкер жол-көлік қызметтері бойынша жұмысты қабылдауға және оның ақысын төлеуге міндеттенген.

Талап қоюшы тарапынан шарт талаптары бойынша өз міндеттемелерін тиісті түрде орындағанына қарамастан, жауапкер тапсырылған жұмыстардың ақы төлемін төлеу міндеттемесі орындалмай, жауапкердің қарызы 1 400 000  теңгені құраған.

Жауапкердің талап қоюшы алдындағы 1 400 000  теңге қарызы шарт талаптарымен, тараптар арасында жасақталған және тараптармен қол қойылған жұмыстың жасалғаны туралы актісімен, шот-фактуралармен және т.б. іс құжаттарымен дәлелденеді.

Сот, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің  272-бабы бойынша міндеттеме шарттары заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуы тиіс екенін басшылыққа алып,  талапкердің талабын қанағаттандыру туралы  шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі