Қарыз ақша өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер Д-ның жауапкер  Р-дан   қарыз ақшаны      өндіру  туралы  азаматтық  іс  қаралды.

Сотта анықталғандай, 2014 жылдың 07 желтоқсанында Д. мен Р.  арасында жазбаша  келісім шарт жасалып,  келісім бойынша Р. 658 000 теңгені 2015 жылдың 07 қаңтарына дейін қайтаруы тиіс болған.  Алайда,  талапкердің қарызды қайтару туралы талабына жауапкер  «қайтарамын» деген уәде беріп, көрсетілген мерзімде  жауапкер берешек ақшаны қайтармаған.

Сот жауапкердің талапты мойындауын қабылдап, талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.  

Шешім заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі