Қарыз ақша өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотына азаматша П.  жауапкер А-дан  2 000 000 теңге қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Сотпен 25.03.2014 жылы жауапкер талапкерден 2 000 000 теңге қарызға ақша алғаны, бір айдан кейін қарызын қайтаруға міндеттелгені, болған факт жауапкердің өз қолымен жазылған қолхатпен расталғаны, бүгінгі күнге дейін қарызын қайтармағаны анықталған.     

ҚР АК-нің 272-бабына сәйкес, міндеттеме-міндеттеме  шарттары мен заң талаптарына сәйкес  тиісінше орындалуға тиіс деп көрсетілген баптар негізінде Жаңаөзен қалалық сотының шешімімен талап қоюшының талабы толық қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі