Ілеспе жүк құжатсыз алкоголь өнімдерін сатқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотында  Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  Қарақия ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасының нұсқамасы негізінде Жетібай кентінде орналасқан, «Аманжан» дүкеніне тексеру жүргізу барысында  дүкенші Т-ның ілеспе жүк құжатсыз алкоголь өнімдерін сатқаны анықталған.

Қарақия аудандық сотының қаулысымен Т. ҚР ӘҚБтК-нің 282-бабы 3-бөлігімен (ҚР этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу) кінәлі деп танылып, алынған алкогольдік өнімдер тәркіленіп, оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу жазасы қолданылды.

Источник: 
Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі